«Қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 «2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 226 шешімі

Қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 154
«2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 226 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 106 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, 109 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 «2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-109 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 9 ақпанда «Атырау» газетінде № 14 жарияланған) өзгерістер енгізілсін, оның ішінде 2010 жылға келесідей:

1) 1-тармақта:

«57091242» цифрасы «56360318» цифрасымен ауыстырылсын;

«16740992» цифрасы «16368178» цифрасымен ауыстырылсын,

«56389602» цифрасы «55658678» цифрасымен ауыстырылсын;

2) 11-тармақта:

«339018» цифрасы «332608» цифрасымен ауыстырылсын;

3) 13-тармақта:

«183965» цифрасы «112989» цифрасымен ауыстырылсын;

4) 14-тармақта:

«2117612» цифрасы «2013612» цифрасымен ауыстырылсын;

5) 28-тармақта:

«476256» цифрасы «431616» цифрасымен ауыстырылсын;

6) 3 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«3. Қала бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома норматив келесідей көлемде 2010 жылға бекітілсін:

Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 70 пайыз;

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 50 пайыз;

Бір реттік талон бойынша, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша - 100 пайыз;

Әлеуметтік салық бойынша - 52 пайыз».

2. 1 қосымша осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

3. Осы шешім Атырау қаласы бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

ХІХ сессиясының төрағасы

С. Ерубаев

 

Қалалық Мәслихат хатшысы

Б. Қазиманов

 

Атырау қалалық Мәслихаттың

2010 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 226 шешіміне 1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.